Munozara:Ulugʻbek rasadxonasi
Ұлықбек обсерваториясының салынуы
[manbasini tahrirlash]Жастайынан әр нәрсеге қызығып, әсіресе түн батқанда аспандағы жұлдыздарға қарап, шексіз ғаламның сырын білгісі келген ,өз заманының көрнекті математигі, астрономы, ағартушысы, ақыны ретінде танылған Ұлықбек есімі аспан әлемін зерттеуде, ғылым тарихында Птоломейдің, Насыреддин әт-Тусидің, Николай Коперниктің, Галилео Галилейдің, Джордано Брунолардың есімдерімен занды түрде қатар тұр.Қазіргі ғалымдардың пікірінше, Ұлықбек әсіресе математика мен жаратылыстану ғылымында бірегей ғалым болды.Медреседе оқып жүргенде математика (математика), жаратылыстану (астрономия), хандаса (геометрия) пәндерін үлкен ынтамен оқи бастайды. Атасы Әмір Темір кітапханасындағы кітаптардың барлығын оқып бітірген Ұлықбек хандаса, математика, жаратылыстану, тарих, әдебиет, логика, музыка, фиқһ сияқты пәндер бойынша терең білім алды. Әкесі Шахрух Мирзо оған Самарқанд тағын бергенде астанада және басқа қалаларда мешіттер, медреселер және басқа да ғимараттар тұрғызды.Ұлықбек өз дәуірінің алдыңғы қатарлы, озат ойлы адамы болды. Ол жан-жағына ілім шарапатын мол шашуға тырысты. Ғылым мен мәдениетті дамыту мүддесін ескеріп, Ұлықбек бірнеше жерде (Бұқарада, Ғиджуанда, Самарқандта) жаңа типті оқу орындарын ашты. Бұларда дәріс (сабақ) беру үшін мұғалімдерді діни дәрежесіне емес, білім дәрежесіне қарай іріктеп алды.Ұлықбек медресесінде өтілетін пәндер арасында астрономияға үлкен мән берілген. Ұлықбек басқарған оқу және ғылыми жұмыстар жетістігі аса дәл аспаптармен жабдықталған теңдесі жоқ обсерватория салып, басқа ғалымдармен бірге планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасауды күн тәртібіне қояды. Ұлықбек 1428 жылы отыз төрт жасында обсерватория салуға бұйрық беріп, оның құрылысына жетекшілік етеді. Ұлықбек обсерваториясы одан бұрынғы Батыс және Шығыс елдерінің обсерваторияларының бай дәстүрлері негізінде салынады. Бұл тұрғыда, әсіресе XIII ғасырда Азербайжанда көрнекті математик және астроном Насыреддин Тусидің басшылығымен салынған Мерага обсерваториясынын тәжірибесі көп игілікті ықпал жасады. Алып цилиндрлік обсерватория екі жылда салынды. Онда оннан астам астрономиялық құрылғылар мен аспаптар орнатылды. Олардың ең маңыздысы радиусы 40,2 метр болатын қос доғадан тұратын квадрант (сектант деп аталатын бұрышты өлшейтін құралға жақын). Ішкі қабырғада аспан мен жер бейнеленген, жұлдызды карта жасалып, таулар, теңіздер, елдер белгіленген.
Обсерваторияның толық сипатын Ұлықбектің замандасы тарихшы Абдразақтан табамыз: «...Самарқандтан терістік-шығысқа қарай орналасқан атыраптан лайықты жер сайланды. Атақты жұлдызнамашылардың таһлиқнамасы бойынша, бұл іске сәйкес келетін бақытты жұлдыз таңдап алынды. Обсерватория үйі әкімнің атақ-даңқына сай өте орнықты да берік тұрғызылды. Он қат аспан бейнесі, градусы, минуты, аспан дөңгелегінің кескіні, жылжымайтын және жылжымалы жұлдыздар, ықлымдар, таулар, теңіздер, шөлдер, далалар және басқа осыларға қатысты барлық нәрселердің мәнерлі де әсем суреті еңсесі биік үйдің ішінен келісті түрде орын тапқан». Ұлықбек обсерваториясының салынуына XV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кәшидің көп көмегі тиді.кейінгі зерттеулер әл-Кәшидің Ұлықбекке дейін де обсерватория салу туралы бірнеше рет мәселелер қойғанын анықтады. Бірақ керітартпа әкімдер ғалымның игілікті ұсынысына құлақ аспайды. Әл-Кәшидің бұл ниеті Ұлықбектің тұсында жүзеге асады. Ұлықбек обсерваторисының негізгі мақсаты – дәлдігі өте жоғары бақылаулар жасай отырып, Марага обсерваториясында жасалған астрономиялық таблицалардың қателерін түзету болды.
Ұлық бек обсерваториясы шамамен 824-1422 жылдары салынған. Әртүрлі дереккөздер әртүрлі күндерді атап өтеді, дегенмен, көптеген дереккөздерде обсерваторияның іргетасы қаланған күні шамамен 830 жыл, ал обсерваторияның құрылысы аяқталған кезең 1422–1428 жыл деп аталады. 89.43.164.66 06:33, 15-Iyun 2022 (UTC)